Қазақстандық азамат Норвегияда табыс табамын деп опық жеген — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

45 жастағы қазақстандық Берік Айжанов (есімі өзгертілген) Норвегияда құрылысшылар керектігін естіп, табыс табуға аттаныпты. Алайда ол уәде етілген жалақыны ала алмай, шығынға ұшырады, деп жазады «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық азамат Норвегияда табыс табамын деп опық жеген

Қазақстандық азаматқа норвегиялық жұмыс беруші айына 2 мың еуро (850 мың теңгеден аса) төлеуді уәде еткен. Ол бұған дейін шетелде жұмыс істеп көрген екен. Ер адам жұмыс берушінің еліміздегі өкіліне дүгініп, құжаттарды рәсімдеу үшін 3 мың еуро (1 млн 200 мың теңгеден аса) беріпті. Жұмыс орнына жеткенше тағы 90 еуро (38 мың теңгеден аса) кеткен. 

Берік Осло маңында жұмыс істепті. Алайда бір ай жұмыс істегеннен кейін уәде етілген жалақсын ала алмаған. Берік жұмыс берушіге жүгінгеннен кейін, ол барлық мәселені шешіп беретінін айтқан. Бірақ мұнан кейін полиция бөлімінен бір-ақ шығыпты. Құқық қорғаушылар ер адамды депортацияламақ болады.

Берік бірнеше тәулік уақытша ұстау изоляторында болып, мұнан кейін әуежайдың транзиттік аумағына жіберілген.

Полицейлер Қазақстан елшілігіне хабар жібергенімен, тұтқындалған азаматпен кездесуге рұқсат етпеті.

Нәтижесінде Берік Норвегияда бір тиын да табыс таппай, керісінше өзі шығындалды. Сонымен қатар оған Шенген аумағындағы елдерге баруға 3 жылға тыйым салыныпты.

Батырхан Ахметов

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

stan.kz