Қазақстандық әуе ұйымдары шетелге бағытталған рейстердің билеттерін сата бастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық әуе ұйымдары шетелге бағытталған ұшақ билеттерін сатуды бастап кетті. Десек те Қазақстанда әлі халықаралық рейстердің ашылуы жайлы хабарланбаған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшу

Мысалы, Air Astana әуе ұйымы 15 мамырға арналған Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағытындағы ұшақ рейстерін билеттерді сатуда екен. 

«Егер билеттер бар болса, бұл күндерге шектеу жоқ, оларды сатып алуға болады», — депті Air Astana ұйымының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға жауап ретінде. 

Бұрынғы халықаралық әуе қатынасының кестесі ТЖ режиміне байланысты өзгеруі мүмкін деп қосты мекеме өкілдері. 

29-30 сәуір аралығында Амстердамдағы Қазақстан азаматтары үшін Орал мен Атырауға арналған рейстер де бар екен. Ал елімізде жүрген шетелдіктерге Амстердамға ұшу үшін билеттерді брондау ұсынылуда. 

FlyArystan ұйымының сайтында маусым айына арналған Мәскеуге ұшатын рейстердің билеттері сатылымға түскен. 

SCAT әуе компаниясында 3, 10, 17, 24, 31 маусымда Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге бағытталған ұшақтардың билеттерін сатып алуға болады. Сонымен қатар әуе ұйымы Батуми мен Прага қалаларына ұшатын рейстердің маусым айына арналған билеттерді сатуға қойыпты. 

Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе қатынасы қайта іске қосылатыны жарияланған болатын. Осыған байланысты жолаушылар ұшаққа міну үшін жаңа ережелер жасалыпты. 

 

 

stan.kz