Қазақстандық «Астана» тобы әйгілі «Манчестер Юнайтед» ойыншыларын ойсырата жеңді (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0

Отандық «Астана» футбол тобы ағылшын «Манчестер Юнайтед» құрамасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Cурет: sports.kz сайтынан

Елордалық «Астана Арена» алаңында отандық футболшылар танымал «Манчестер Юнайтед» тобын жеңді. 

Сайыстың оныншы минутында шетелдік Лингард есімді футболшы гол соғып,  өз командасына бір ұпай алып келген. Алайда келесі таймның жеті минуты ішінде нұр-сұлтандық ойыншылар шотты теңестіріп қана қоймай, қарсыластарын басып озып, ақырында жеңіске жетті. 55-ші минутта голды Дмитрий Шомок соғып, ал келесі жеңіске алып келген соққыны өз қақпасына 19 жастағы Дишон Бернард жасады. Осылайша ойын 2:1 есебімен қазақстандық топтың жеңісімен бітті. 

«Астана» тобының бастапқы құрамасында Ненад Эрич (топ басшысы), Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Абзал Бейсебеков, Рунар Мар Сигурьонссон, Дорин Ротариу, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко болған. 

Ал «Манчестер Юнайтед» тобының намысын Грант, Туанзебе, Бернард, Шоу, Лейрд, Гарнер, Левитт, Лингард (капитан), Гомес, Чон, Гринвуд қорғапты. 

Кейіннен «Манчестер Юнайтед» тобының жаттықтырушысы өздерінің жеңілісі туралы сөз қозғады. 

«Біз ойын бастала салысымен көшбасшылыққа ие болдық. Дегенмен екінші таймда екі гол жіберіп алдық. Біздің ойыншылар қарсыластарына қысым көрсете отырып ойнады алайда бізге уақыт жетпей қалды. Менің ойымша, қазақстандық топ бұл ойыннан үлкен тәжірибе жинай алды. Мен Қазақстанды көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, «Астана» командасын шын жүректен құттықтаймын. Олардың жеңіске қатты қуанғандары жатқандары киім ауыстыру бөлмесінен естілген дауыстардан-ақ байқалды», – деді жаттықтыруша Оле Гуннар Сульшер.

Бұған қоса ол егер нұр-сұлтандық топтың қорғаушысы жас болғанда оны «өз тобыма шақыратын» едім деп айтқан. 

Атап кетерлік жайт, бұған дейін неліктен «Астанаға» қарсы «Манчестер Юнайтедтің» жұлдыздары келмегендегі айтылған еді. Бұны жаттықтырушы жақында болған футбол жарысынан кейін ойыншылардың демалып үлгермегендігімен және қазақстандық құрама ойыншыларымен бәсекелестікті теңестіргесі келгендігімен түсіндіріпті. 

 

 

 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз