Қазақстандық Аружан Ардақ «Балалар жаңа толқынында» үздік бестікке енді   

0

Жас алматылық тоғыз жасынан вокалмен айналысып, музыкалық конкурстарға қатысып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Жас қазақстандық әнші Аружан Ардақ Артектегі «Балалар жаңа толқыны 2019» халықаралық конкурсында бесінші орынды иеленді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.

Тағы оқыңыз: Данэлия Төлешованың дарындылар шоуында айтқан әнінің видеосы

Әлемнің сегіз елінен келген он бір қатысушы жеңімпаз атану үшін барын салды.

Аружан Деми Ловатоның репертуарынан Warrior және Полина Гагаринаның репертуарынан «Танцуй со мной» әнін орындады.

Қазылар алқасында болған Лев Лещенко, Олег Газманов, Николай Басков, Игорь Крутой және Юлия Савичева Аружан Ардақтың өнерін жоғары бағалады, дегенмен дауыс беру қорытындысы бойынша жеңісті екі ресейлік Алиса Голомысова мен Денберел Ооржакқа берді.

Трибунадағы көрермендер жас қазақстандыққа қызу қолдау білдірді.

Предоставлено пресс-службой Управления культуры и спорта города Нур-Султан

Аружан Ардақ «Балалар жаңа толқынында»

Фестивальдің «қонақтар» бағдарламасында Ержан Максим ән шырқады. Ол конкурстың ашылуында Алсудың қызы Микелла Абрамовамен дуэт құрды.

Аружан Ардақ туралы не білеміз?

Аружан Ардақ (Сабыкенова) Алматы қаласында физика-математика мектебінде оқиды. Тоғыз жасынан вокалмен айналысады.

Предоставлено пресс-службой Управления культуры и спорта города Нур-Султан

Аружан Ардақ «Балалар жаңа толқынында»

«Екі айлық кезімде анам түрлі әндерді айтқым келетінін байқапты. Ал төрт жасымда «Фасолька» хорында ән шырқадым», — дейді Ардақ өзі туралы.

Аружан Ардақ та Данэлия Төлешова секілді «Аялаған Астана» республикалық байқауының жеңімпазы. Ол сондай-ақ италиялық «Миа Мартини жүлдесі» телевизиялық байқауының лауреаты. 2016 жылы Қазақстандағы «Балалар дауысы» жобасына қатысты.

2017 жылы «Kinder МУЗ Awards» балалар музыкалық жүлдесінде 13-18 жас аралығындағы үздік орындаушы» ретінде марапатталды.   

«Балалардың жаңа толқыны»

«Балалардың жаңа толқыны» — танымал музыканың жас орындаушыларының жылсайынғы халықаралық байқауы. Фестивальге 12 жасқа дейінгі балалар қатысады.



sputniknews.kz