Қазақстандық әнші-боксер қарсыласын нокаутпен жеңді

0

Қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір Мәскеуде өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталының дерегіне сүйене отыр.

Оның қарсыласы Анар Абдуллаев болды. Кездесуде Pro Box тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта ТМД чемпионы атағы бәске тігілді. Регламент бойынша жекпе-жек сегіз раундқа созылуы керек болған, дегенмен Ескендір қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Нәтижесінде отандасымыз кәсіби рингте алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ибрагим алғашқы жекпе-жегін 2017 жылдың желтоқсанында өткізген болатын.

«Қамшы» сілтейді