Қазақстандық актрисаның қазасы: іс сотқа берілді

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

33 0 0

Құқық қорғау органдарына жол-көлік оқиғасын тергеуге бір ай уақыт қажет болды

АЛМАТЫ, 29 қаңтар — Sputnik.  Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы белгілі қазақстандық актриса Шолпан Елгезекованың өмірін жалмаған жол апатын жасады деген күдікпен ұсталған Ілияс Кардың ісін сотқа тапсырды.  

Отыз үш жастағы Алматы қаласының тұрғыны Ілияс Қар жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды деп айыпталып жатыр, екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам көз жұмып, тағы біреуі жарақат алды.

«Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу прокуроры тағайындалып, толық және объективті тергеу жүргізілді», — деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 29 желтоқсанында Абай-Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болды.

Әлеуметтік желілерде таралған апаттың видеосына сәйкес, G-класты Mercedes-Benz автокөлігін тізгіндеген жүргізуші жоғары жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Кейінірек апаттан қаза тапқандардың бірі белгілі қазақстандық актриса Шолпан Елгезекова болғаны анықталды.

Шолпан Елгезекованың әріптестері актрисаның қандай адам болғанын айтты 

Жол-көлік оқиғасына кінәлі полиция қызметкерлері келгенше қашып кеткен. Ол келесі күні ғана ұсталды. Медициналық сараптама көрсеткендей, қайғылы оқиға кезінде жол талғамайтын көлікті басқарған 33 жастағы Ілияс Кар мас болған. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/