Қазақстандық актер Жандос Айбасов неге кино түсірмейтінін айтты

0

Белгілі қазақстандық актер Жандос Айбасов неге әзірге отандық кино мен сериал түсірмейтіні және сүйіктісіне қашан сөз салатыны туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр — Sputnik. Режиссер мамандығын тәмамдаған қазақстандық актер Жандос Айбасов неге отандық сериалдарды түсіргісі келмейтінін ашық айтты. 

Отандық актер алты жыл бойы режиссер болуды армандаған екен. Кино мен сериалдар түсіруге ұсыныс алу үшін талай телеарна мен «Қазақфильм» табалдырығын тоздырыпты.

«Біріншіден, Жандос, түсіре ғой деген ешқандай ұсыныс болған жоқ. Ал, екіншіден, мен режиссер ретінде сериал, клип түсірдім. Бірақ менің түсінгенім бойынша қазіргі жүйемен , былай сериал түсірмей-ақ қояйын. Кәсіби деңгейде де , қаражат жағынан да қолайсыз. Өйткені ертең елдің бетіне қарай алмаймын. Түсінесің бе? Біреуге ақша бөлінеді, біреуге ақша бөлінбейді. Режиссер ретінде, әрине, саған ақша бөлінеді. Бірақ сенен де басқа адамдар бар ол жақта жүрген. Продюсерлердің ассистенттерге, басқа қызметкерлерге көзқарастары басқаша. Мен оны түсінбеймін. Әділетсіздік», — деді актер «Честно говоря» бағдарламасына берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Әсел Сәдуақасова төсектес болуды сұраған беделді адам туралы айтты

Актер елде фильм түсіру жүйесі өзгеретін болса, кино түсіретінін айтты. Сондай-ақ, өзінің жеке өміріне қатысты ақпаратпен де бөлісті. Сүйіктісінің есімі – Марина. Ол фотограф екен. Актер сүйіктісімен 4 жыл бойы бірге екенін де айтып кетті. Басында желідегілер оның жеке өміріне байланысты түрлі сын айтқан.

«Инстаграм біздің қазекең үшін ойлап табылғандай. Жағымсыз пікір жазып алып, тыныш қана үйде отырады. Ал менің жүйкем тозады. Бұл дұрыс емес. Сондықтан қазір мән бермеймін болдым. Жеке өмірім жайлы аз жазамын. Ол құпия болуы керек сияқты», — дейді ол.  

Жандос Айбасов жүргізушінің той қашан деген сұрағына ашық жауап берді.

Тағы оқыңыз: Нұрболат Абдуллин қыздарды құшақтауға неге «құмар» екенін айтты

«Маринамен кездесе бастаған уақыт мен үшін өте қиын кезең болды. Ол осы кезде әрдайым менің жанымда еді. Жақында бәрі болады»,  — деді той туралы сауалға жауап берген актер.

Жандос Айбасов 1989 жылы Алматыда туған. Актер, режиссер, каскадер әрі зергер. Алғашқы фильмі — «Он и Она». Осы фильм көрсетілгеннен кейін актерге «Ограбление по-казахски» фильмінде түсуге ұсыныс жасалды. Кейін актер үш ай бойы голливудтік-қазақстандық «Марко Поло» сериалының түсіріліміне қатысты.



sputniknews.kz


Тегтер:актер