Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбайдың уақытша әкім қызметін атқаратыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Теміртау әкімі коронавирус жұқтырды. Қазіргі уақытта үйінде емделіп жатыр, денсаулығына шағымы жоқ. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің коронавирус жұқтырғаны жексенбі күні расталды. Байланыста болғандардың бәрі үй карантиніне алынды. Тест қорытындысы теріс болып шықты», — деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.



sputniknews.kz