Қазақстандық академик, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Төрегелді Шарманов дүниеден өтті

0
  • Қазақстандағы тағамтану академиясының президенті, белгілі нутрициолог Төрегелді Шарманов 95 жасында дүниеден өтті. Мұны ғалымның ұлы Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Асфендияров атындағы медицина университетіндегі әріптестері де академиктің қайтыс болғанын хабарлады.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясының атасы, әлемдік денсаулық сақтау саласының аңызы, қазақ медицинасының мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», – делінген хабарламада.

Төрегелді Шарманұлы Шарманов – кеңестік және қазақстандық мемлекет қайраткері, ғалым, нутриоцолог-гигиенист, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ұлттық ғылым академиясының академигі, тағамтану академиясының президенті.

Төрегелді Шарманов денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жүйесін құрды.

«25 мамырда әлеуметтік-гуманитарлық саладағы ерекше жетістіктері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ең жоғары дәрежелі «Еңбек ері» белгісінің иегері, академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті 2005 жылы академик Шармановқа дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең жоғары құрмет дәрежесі – Леон Бернард сыйлығы берілді, оны әлем тарихында небәрі 29 адам алған, бұл денсаулық саласындағы Нобель сыйлығының бір түрі”, – делінген медицина университетінің мәлімдемесінде.

Төрегелді Шармановтың өлімінің себебі белгісіз.