Қазақстандық әйел ұлын өлтірген ресейлік студент қызды кешірді

0

Қыз бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді, бірақ тараптар татуласқандықтан қылмыстық іс тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Қостанай облысының тұрғыны ұлын қағып өлтірген ресейлік студент қызды кешірді. Ол соттан қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

2019 жылдың маусымында 21 жастағы қыз Челябіге Лисаковскіден келген 26 жастағы жігітті қағып өлтірді. Сотта ол бұл жағдайға өкініш білдіріп, енді ешқашан рөлге отырмайтынын мәлімдеді, деп жазады tobolinfo.

«Жап-жас қыз, оның өмірін құртқым келмейді», — дейді қаза болған жігіттің анасы.

Әйелдің айтуынша, қыз кешірім сұрап, оған ақшалай көмектескен, сондай-ақ ұлын жерлеуге жұмсалған шығынды өтеген. Сот тараптардың татуласқанын ескеріп, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдады. Ресейлік қыз қазақстандық әйелге 18 миллион теңге шамасында өтемақы төлеуі тиіс.

Адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша қыз бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Тағы оқыңыз: Рудный тұрғыны үйлену тойынан кейін күйеу баласын өлтірді



sputniknews.kz