Қазақстандық әйел күйеуінен кредитті жасыру үшін жалған тонау ұйымдастырды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Енді 39 жастағы әйелге құқық қорғау органдарын алдағаны үшін ірі көлемде айыппұл салынады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 16 қаңтар — Sputnik. Алматы облысының тұрғыны тонау туралы жалған шағым бергені үшін қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Таяуда 39 жастағы жергілікті тұрғын үйіне пышақпен қаруланған екі ұры түсіп, оның 100 мың теңгесін қолды қылғаны туралы полицияға жеткізген.

Тәртіп сақшылары аталған фактіні Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 191-бабы, 2-тармағы – «Тонау» бойынша тіркеп, тергеугі кірісіп кеткен. Бірақ мамандар екі күндік жедел-іздестіру шаралары барысында шын мәнінде тонау болмаған деген қорытындыға келген. Себебі жәбірленуші берген жауаптарында қайта-қайта шатасып, өз-өзіне қарама-қайшы келген, бұған қоса, бойынан жасандылық байқалған. Тексеріс кезінде әйелдің кейбір дәлелдері расталмаған.

Тағы оқыңыз: Атырауда жанармай бекетіне шабуыл жасалды — видео

«Соңында ол өзі шатасып, тонау туралы әңгімені ойдан шығарып, полицейлерді алдағанын мойындады. Әйел банктен кредит алып, оны күйеуінен жасырғаны анықталды. Одан кейін банк қарызын өтеу үшін кредитті отбасылық бюджет қаржысымен төлеген. Жанұядағы ұрыс-керістен қорқып, бұл туралы күйеуіне айтпаған», — деп хабарлады полиция.



sputniknews.kz