Қазақстандық әйел діңгекті жасушалардың көмегімен артроздан қалай айыққанын айтты — Қазақстан жаңалықтары
Салауатты өмір салтын ұстанып, дүниені жанындай жақсы көретін Сәуле Ілиясқызын батыл әрі қайратты жандардың қатарына жатқыза аламыз. Жиырма жыл көлемінде артрозбен күресіп, ауруын жеңіп шыққан қазақстандық әйел өз ісімен көпшілікке үлгі десек, артық айтқанымыз емес. Ол Stan.kz ақпараттық агенттігінің редакциясына дертінен қалай айыққанын, толығымен жазылып кету үшін кімнің және ненің көмектескенін айтып берді.
Шуақты күндеріне шүкіршілік етіп, сенім мен үмітті серігіне айналдырған Сәуле Ілиясқызы 50 жасқа келгенде буындар ауруының бір түріне – артрозға шалдығамын деп мүлдем ойламаған. Жүздің жартысына жеткенде тізелері қақсап, аяқтары ауыра бастаған соң, шарасыз күйге түскен ол ем табу мақсатында көптеген мамандармен кеңескен.
Түрлі емдік әдістермен емделіп көрген. Алайда, жиырма жыл бойы емнің ешбір түрі біздің кейіпкеріміздің жағдайын жақсартуға үлесін қоспаған. Керісінше, ауру белгілерін нашарлатып, жазылып кетуге деген сенімін күл-талқан етуге сәл қалған.
Әйтсе де, үздіксіз іздеу жұмыстары өз нәтижесін берді. Сәуле Ілиясқызы шипасын Жасушалық Технологиялардың Мәскеулік Орталығындағы инъекциялардан тауып, үзілген үмітін осы жерде қайта жақты.
«Елу жасқа дейін теннис ойнадым, шамасы жиі-жиі алған жарақаттардың әсері болуы керек, уақыт өте келе менде пішінін өзгертетін артроз пайда болды. Оның үстіне жыртылып кеткен тегіршігіме уақытылы ота жасалмады, сөйтіп буындарыммен проблемалар басталды. Соңғы кездері әр басқан қадамым адам төзгісіз ауруға ұласатын. Түнімен қақсаған аяғымның кесірінен ұйықтай алмайтынмын.
Емнің шипасын іздеумен Қазақстандағы ортопедтермен, Үндістандағы мамандармен кеңестім. ЕДТ-ға бардым, дәрілерді үйіп іштім. Амал жоқ болып көрінгендіктен буынымды жасандыға ауыстыруды ойлап жүрдім.
Сөйтіп жүргенде интернеттен бағаналық жасушалармен емдеу жайлы оқып қалдым. Алматыда жасушалық технологиялармен емдейтін орталықтың бар екенін білгенде қуаныштан төбем көкке екі-ақ елі жетпей қалды.
Өткен жылы күзде орталыққа барып қайттым. Менімен сауатты мамандар кеңесті. Олардың сөзіне тәнті болып, сенім арттым да, ұсынған әдістерін пайдаланып көру туралы шешім қабылдадым.
Процедураларға дейін барлық анализдерді тапсырып, ем қабылдауға жақсы ниетпен келдім. Ақ пейілді ұжым менің көкейімдегі қорқыныштарды жеңуге көмектесті. Барлық процедуралар өзімді еркін ұстауға мүмкіндік беретін шырайлы ортада қиындықтарсыз өтті деуге болады.
Маған майлы тіндерді жинау отасын жасап берді. Майды жинаған соң, дәрігерлер оны центрифугада айналдырып, бірнеше сағаттан кейін құрам салынған шприцті алып келді. Сөйтіп оны ауыратын тіземе салды.
Мүмкін, біреуге күлкі болар, бірақ инъекциядан кейін мен өзімнің тіземмен «сөйлестім». Буынымнан қайта қалпына келу процессінің «қосылуын» сұрадым. Ең бастысы ниет дұрыс болуы керек деп айтқым келеді.
Үшінші күні ауруымның басыла бастағанын, буындарымның жазылып келе жатқанын сездім. Екінші инъекциядан кейін тіземнің ауырғаны мүлдем басылып кетті.
Ем қабылдағалы бері бірнеше ай өтті. Мен әлі күнге дейін өзімді керемет сезінемін. Йоганы қайтадан қолыма алдым, тіпті Үндістанға йога-турға барып қайттым.
Жақын болашақта қайтадан Үндістанға бес айға барып қайтып, ағылшын тілін үйреніп, ары қарай саяхаттауды көздеп отырмын», — дейді ауруынан айыққан зейнеткер.
Салауатты өмір салтын ұстанатын Сәуле Ілиясқызы өткеннің проблемаларымен өмір сүрмеуге және жаңа дүниеден қорықпауға кеңес береді. Зейнеткер медицинадағы жаңа технологиялардың өмір сапасын әлдеқайда жақсартуға мүмкіндігі бар екеніне кәміл сенеді.
Бағаналық жасушалармен емдейтін орталық өткен жылдан бастап Алматыда жұмыс істейді. Бұл жерде жасушалық терапияларды ортопедттер, кардиологтар, неврологтар, педиатрлар сәтті қолданады.
Орталықтың жұмысы жайлы www.cellcenter.kz сайтынан және +7 (727) 296-62-20, +7 (775) 240-99-22, 296-62-21 нөмірлеріне хабарласып, біле аласыздар.
PR құқығында.
stan.kz