Қазақстандық 49 студент Гонконгтегі дау-дамайдың ортасында қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық 49 студент Гонконгтегі дау-дамай мен бассыздықта қалып қойып, елге қайта алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Гонконгтегі QazSociety атты студенттер ассоциациясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: NURPHOTO VIA GETTY IMAGES

Студенттер ассоциациясы мен бас консулдық Қазақстанға қайтып жатқан студенттерді бақылауда. 23 қарашада Гонконгтен елге 209 студент қайтты. «Жақын арада Гонконгтен тағы да 17 студент қайтпақ. Қаладағы бассыздыққа қарамастан қоғамдық көліктердің басым бөлігі және көптеген мекемелер штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр. Бас консулдық қаладан кетуге кеңес берсе де 32 қазақстандық Гонконгте қалу туралы шешім шығарды», — деп хабарлады ассоциацияда. 

Ассоциацияда қоғамдастықтың өкілдері Гонконтік баптистіктік университеттің тұтқындалған 1 курс студенті Әбілқайыр Нүкпимен кездескенін айтты. 

«Екі рет барып, біздің өкілдеріміз оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізді. Бас консулдықтың көмегімен QazSociety өкілдері Әбілқайырға бірінші кезекте қажетті заттарды берді және өз елінде отандастары оған үлкен қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Оның ісіне қатысты барлық ақпарат адвокаттарымен бақыланады, сондықтан QazSociety оның қалай тұтқындалғанының мән-жайын білмейді», — деді студенттер. 

Сонымен қатар олар, тұтқындалған студенттің ата-анасы, туысқандары дүйсенбі күні Гонконгке келетінін айтты. 

Ассоциацияның мәліметі бойынша, HKU, PolyU, HKUST, CUHK, HKBU, EduHK, LingnanU және CityU университеттерінде 250 қазақстандық оқиды. 

Бас консулдықтың әлеуметтік желісіндегі парақшасында қаладағы жағдай жайлы ақпарат жаңартылып тұрады. Жақында ғана парақшада қарсылық танытушылардың акциясы 22 қарашада Central ауданында және 23-24 қарашада 
Kowloon Tong ауданында өтетіні жазылды. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гонконгтегі қақтығыс кезінде қазақстандық студенттің тұтқындалғанын жазған едік.

 

stan.kz