Қазақстандағы жемқорлардың тізімі 2019 жылдың соңына дейін жарияланады – Қазақстан жаңалықтары

0

Жақында жемқорлардың тізімі жария болады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстандағы жемқорлардың тізімі 2019 жылдың соңына дейін жарияланады

«Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде, қазір біз мемлекеттік органдармен келісім жүргізудеміз. Бірқатар мемлекеттік органдар осы тізімді құру қажеттігіне күмән келтірді. Біз келіссөздер жүргізіп, тізімді құрудың ешқандай зияны жоқ екендігін түсіндірдік. Бірнеше мемлекеттік органдар осыдан соң өз ұстанымын өзгертті», – деді Данияр Сабырбаев.

«Қазір біз белсенді фазада тұрмыз. Дәл уақытын айта алмаймын, бірақ менің ойымша, жылдың аяғына дейін біз бұл мәселені аяқтаймыз», – деді ол.

Сабырбаев мемлекеттік органдардың қайсысы жемқор шенеуніктердің тізімін құруда сенімсіздік білдіргенін атаған жоқ.

«Тізімде жемқордың тегі, аты және әкесінің аты жазылады. Оған қатысты қылмыстық істің қысқаша сипаттамасы келтіріледі», – деді Данияр Сабырбаев.

2018 жылдың соңында жемқорлардың тізімін жариялау ұсынылған еді. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз