Қазақстандағы уақыт белдеуінің әсерін 100 миллион теңгемен арнайы зерттемек
Мемлекет уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін білу үшңн арнайы зерттеу жүргізбек. Бұл 90-100 миллион теңгені құрайды, деп хабарлады ғылым министрлігі.
«Өтінім үш жылдық бюджетке 160 миллион теңгеге келді, бірақ іс жүзінде бұл сомадан аз болады деп ойлаймын. 90-100 миллион», — дейді министр Саясат Нұрбек.
Журналистер зерттеудің қалай өтетінін сұрады.
«Мен алгоритмді егжей-тегжейлі білмеймін. Бірнеше институт қатысады. Мүмкін, сауалнама әдісі емес, нақты зерттеулер жүргізілетін болады», — деді ол.