Қазақстандағы Қытай елшісі: «Коронавирустан 40 адам өлді!»

0
119

Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында ешкім күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл ҚХР елшісінің АҚШ-тағы жағдайға қатысты мәлімдемесі.

Оқырманға оңтайлы болуы үшін біз мәлімдеме мәтінін толық нұсқада бермекпіз.

«Эпидемия басталғалы немен айналыстыңыздар?

Иә, сіздер геосаяси ойын ойнап, ішкі саясатта өтірікке жол беріп, барлық былықты Қытайға аудара салдыңыздар. Сіздер алтын уақытты бекер бос жібердіңіздер. Бұл кезде Қытай өз халқының, әлем жұртшылығының және сіздердің денсаулықтарыңыз үшін күресті.

Өздеріңіздің денсаулық сақтау саласында жүрген мамандарыңыз эпидемияны өтірік деп, артынша жағдай бақылауда екенін айтып алдадыңыздар. Ал қазір коронавирус 40-тан аса адамның өмірін жалмағанда ғана ес жия бастадыңдар.

Өз ғалымдарыңыз тұмаудан көз жұмды дегендердің бәрі коронавирус құрбандары екенін айтты. Статистикаларыңыз жалған. Бұндай жағдайда ашық саясат туралы не айтасыздар? Халықтың сенімінің неге аз болатыны түсінікті.

Сіздер шара қолдану орнына вирусты «қытайлық» деп атап, былықты бізге аудардыңыздар. Бұлай шешім шығару барлық адамның сеніміне селкеу түсіреді».