Қазақстандағы парламент сайлауы 2021 жылы онлайн өтуі мүмкін

0
4

Қазақстан билігі де Қырғызстан сияқты сайлауды онлайн өткізуі мүмкін. Үкімет өкілдері ондай нұсқаны да қарастырып жатыр екен. Бірақ, жуырда ғана аяқталған «Нұр Отанның» праймеризінде осындай электрондық дауыс беруге қатысты дау туғаны белгілі. Соны ескерген бірқатар сарапшылар бұл идеяға күмәнмен қарап отыр. Ал, онлайн сайлауға қарсы азаматтар тіпті интернетте арнайы петиция жариялапты.  Бұл туралы  «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасы хабарлады.

Онлайн петицияда азаматтар президенттен онлайн және аралас дауыс беруге тыйым салуды сұраған. Олар интернетте дауыс беру «құпия дауыс беру» деген заң ережесіне қайшы екенін алға тартты. Сондай-ақ, жуырда «Нұр Отанның» праймеризі нәтижелері мұндай сайлау әділ өтпейтінін көрсеткенін атап өтіп, сайлауды карантин аяқталған уақытқа шегеруді ұсынған. Алайда, үкімет парламент сайлауын белгіленген уақытта өткізуді жоспарлап отырған сияқты.

«Онлайн дауыс беру бола ма, даәстүрлі дауыс беру бола ма, біз барлық мүмкіндікті қарап жатырмыз. Санитария талаптары белгілі бір салаға байланысты емес, ол бәріне ортақ», – деді денсаулық сақтау министрлігі Алекцей Цой.

Ал экс-депутат Серік Әбдірахмановтың айтуынша, сайлаудың қалай өткені маңызды емес, басты мәселе оның барысын ұйымдастыру мен дауыс санын санауға тіреледі.

«Орталық сайлау комиссиясынан бастапы, барлығының құрамын өзгерту керек. Жақсы партия, жаман партия болсын, әйтеуір, тіркелген партиялардың өкілдері сайлар комиссияларын бастап, сайлау нәтижесін солар шығаруы керек. Осыған бармасақ, тура қырғыздың жағдай біздің Қазақстанға келеді», – дейді Серік Әбдірахманов.

Ал бұл талаптар орындалса партия рөлін сомдап жүргендер билікке қол жеткізуге барын салуы мүмкін екен.

«Басқа партия өкілдері тіріле бастады, «Ақжолдың» өкілдері, басқалары. Енді міне сайлауда солар мінез көрсетеді. Партиялардың арасында момын, жуас боп отырған партиялар арасында нағыз талас басталады. Бұл жабық шеңбердегі демократия. Демократия – талас», – деді экс-депутат.

Заңға сәйкес парламент сайлауы келер жылдың 25 қаңтарынан кешікпей өтуі тиіс. Нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Айта кетерлік жағдай, қаржы министрінің осы жылдың бюджетіне қосымша сұраған қаражатының ішінде сайлау өткізуге шығын да қарастырылған. Алайда, министрлік өкілдері биыл қандай сайлау жоспарланғанын нақтылай алмады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз