Қазақстандағы отауласқан жұптың бестен бірі екі түрлі ұлт өкілінен тұрады

0

Қазақстандағы әрбір бесінші жаңа отбасы дерлік этносаралық. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Datahub Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлады.

2023 жылдың соңында елорда некелесу саны бойынша басқа аймақтарды озып, 1000 адамға шаққанда 7,46 көрсеткішке ие болды. Ал Түркістан облысында некеге тұру көрсеткіші ең төмен болды, онда 1000 адамға шаққанда 5,55.

Сарапшылар Қазақстандағы неке туралы тағы бірнеше қызықты деректерді жариялады:

10 жағдайдың 8-інде қазақстандықтар бірінші рет отау құрады. Елдегі күйеу жігіттің орташа жасы – 27,8 жас, ал қалыңдықтікі – 25,2 жас.

2023 жылы некеге тұрған ерлердің басым бөлігі 20 мен 39 жас аралығында (85%), ал әйелдердің басым бөлігі 18 бен 34 жас аралығында (82%) болды.

Қазақстанда құрылған әрбір бесінші некеде ғашықтар өзге ұлт өкілімен қосылған.

Келіншектердің 41 пайызы – жоғары білімді. Ал жоғары оқу орнын бітірген күйеу жігіттердің үлесі біршама төмен – 39%.

Некелердің көпшілігі маусым мен тамыз айларында, ең азы қаңтар мен ақпанда болады.