Қазақстандағы мешіттерге ахун-ишандардың есімдері берілетін болды

Енді Қазақстандағы мешіттерге алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімдері беріледі. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мүфтияттың ресми сайтындағы ақпарат сүйенсек, бұл ҚМБД-ның 35 жылдығы аясындағы шаралардың бірі.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімін мешіттерге береміз», — деген өз сөзінде мүфтият төрағасы.
Айта кетейік, кеше біз Қазақстандағы имамдардың орташа жалақысы 85 мың теңге екенін жазған едік.