Қазақстандағы мейрамхана иелері кірістерін неге жасырады?

0

Мемлекеттік кірістер комитеті шілде айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жүздеген мейрамханалар салықтан жалтару үшін шынайы кірістерін жасырып жатыр деп мәлімдеген еді. Тіпті кейбірі кіріс ретінде күніне небары 3000 теңге табатындарын көрсеткен. Stan.kz мейрамхана бизнесінде жүрген кәсіпкерлермен тілдесіп, салықтан жалтарудың себебін анықтамақ болды. 

Тамақтану бизнесі саласындағы салық төлеушілердің 18%-ы 2018 жылы тапсырған декларацияларында біржылдық табыс ретінде 1 миллион теңге немесе күніне 3000 теңгені (айына 90 мың теңге) көрсеткен. Бұл еліміздегі ресми жалақыдан екі есе кем сома. Кірістер комитетінде көрсетіп өткендей, мейрамханалар шынайы кіріс сомасын жасырып, кассалық аппараттарды орнатпай, айына тек бір рет чек ұрып, жұмысшылардың нақты санын көрсетпейді. Заң ережелеріне бағынбайтын мейрамханалар салықтық бақылау күшейтілген тәртіпте жүргізілетін топқа енеді дейді Комитетте.

Мейрамхана иелері салықтан неге жалтарады? Шыныменен де еліміздегі салықтық жүктеме кәсіпкерлер үшін тым ауыр ма және салықтан жалтарғандармен қалай күресуге болады?

Stan.kz редакциясы еліміздегі ең ірі әрі танымал мейрамханалар желісінің атқарушы директоры Рүстем Тасмұқановтан осы мәселеге қатысты түсініктеме алған еді. 

Рүстем Тасмүканов, AB Restaurants мейрамханалар тобының атқарушы директоры:

Салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні деген болады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қазынаға төленетін барлық міндетті төлемдер, салық сомасы мен кірістерге сәйкес келуі тиіс.

Біз барлық кірісті Заңға сай декларациялаймыз және бізде қызмет етіп жүрген барлық персонал 100% ресми рәсімделген. Аbr компаниялар тобы бюджетке түсетін салық көлемі бойынша Қазақстандағы мейрамхана бизнесіндегі ТОП-5-ке кіреді. Бірден емес, дегенмен ақырындап біз табысты болуға мүмкіндік беретін және салықты тұрақты түрде төлеп, салалық СЖК-ға сай бола алатындай бизнес-модельді құрдық.

Салықтық жүктеме туралы айтсақ, онда сапалы мейрамханалар мен тамақтану орындарын дамыту әрі санын көбейту үшін салық мөлшерін төмендету керек деп ойлаймын. Оның үстіне төленетін салық мөлшері айналымдағы қаржының 4-6%-ын құраса, онда көптеген мерамханалар кірістерін заңдастырып, салықты тұрақты түрде төлеп тұрар еді. 

Барлық біздің компаниялар — салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде, ҚҚС (НДС-ред.) төлеуші болып табылады. Біздің кірістер құрылымында терминалдармен төлеу бөлігі өте үлкен, биыл қолма-қол ақысыз төлейтін қонақтарымыздың саны 65-70%-ға жетті, себебі елімізде несиелік карталар, түрлі бонустары мен жеңілдіктері қарастырылған карталар көп таралуда. Кассалық аппараттар мейрамханалардың коммерциялық жұмысы басталмай тұрып орнатылады. Біздің мейрамханаларда «терминал уақытша жұмыс істемейді» (банктердің қызмет көрсетуімен байланысты өте сирек кездесетін жағдайларда ғана) деген болмайды. Сонымен қатар біздің мейрамханаларда «жұмсақ чектер» бойынша («мягкие чеки», «қолмен» жазылған қағаздар – ред.) қызмет көрстпейді. 

Біздің жұмысымыз, кәсібіміз –мөлдір, ештеңені жасырмаймыз. Сондай-ақ , «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Жібек жолы» бағдарламасы сияқты мемлекеттік несиелеу өнімдерін пайдаланамыз. 

stan.kz