Қазақстандағы көпбалалы аналарға арналған баспана: Ел азаматтары не үшін дауласуда? — Қазақстан жаңалықтары
Көпбалалы аналар мемлекеттен тұрғын үй мәселелерін шешіп, жеңілдікпен баспана бөлуді сұрайды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. Көпбалалы аналардың Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтановпен кездесуінде келесі шарттар қойылды: сатып алу құқығымен ай сайын төлем жүргізу негізінде пәтер ұсыну. Алайда алғашқы жарнасыз және пайызсыз.
Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада өткен экономикалық форумда көпбалалы аналардың талабына қатысты пікір білдірді.
«Оларға баспана берсек, бақытты бола ма және неше күн бақытты болады? Бұл біріншіден. Екіншіден, бұл жағдайдан шығатын жол ма? Мемлекет баспанамен қамтамасыз ету үшін, өте қомақты қаржы жұмсауға дайын ба? Бізге жағдай жасауға назар аудару керек шығар», — дейді министр.
Алайда министрдің сөзі дау тудырды.
«Мұндай отбасылар үшін бір мәселенің шешімін тапқанының өзі бақыт. «Олар неше күн бақытты болады? Басында баспанасы болсы, өмір бойы», — дейді интернет қолданушыларының кейбірі.
«Күнде балық беруге болады немесе сол балықты аулау үшін, қармақ беруге болады. Оқу, жақсы өмір сүру үшін жұмыс беру сияқты жағдай жасау керек», — дейді қарсы пікір айтушылар.
Режиссер Жанна Исабаева неліктен мемлекет тек көбалалы отбасыларға жеңілдік жасау керек екенін түсінбейді және барлық отбасыларды қолдауды ұсынады.
«Ал бір-екі баласы бар аналар неліктен есепке алынбайды? Неліктен мұндай кемсітушілікке жол беріледі? Мүмкін олар жауапты болғандықтан және балаларын дүниеге әкелместен бұрын оларды қалай асырайтынын ойлағандықтан, бір-екі баласы ғана шығар. Пәтер жалдап жүрген жалғызбасты ананың көпбалалыдан қай жері кем? Егер жәрдемақыны арттырып, қосымша әлеуметтік жеңілдіктер берсе, тек көпбалалы аналарға емес, барлық анаға берілуі тиіс», — деп жазды Исабаева Facebook желісіндегі парақшасында.
Қазақстандықтарға табысы мен мүмкіндіктерін есепке алып, отбасын жоспарлауға кезекті рет кеңес берілді.
«Егер баспана жағдайы, жұмысы болмаса, неліктен бала табуды жоспарламасқа? Жүкті болып, босану үшін көп ақылдың керегі жоқ. Одан да бастапқыда жағдайды дұрыстап, артынша босану керек», — дейді продюсер Алуа Қонарова.
Оған жауап ретінде ұлттың жойылып кетуі мүмкін екенін еске салды.
«Дұрыс мемлекеттердің барлығында көпбалалы отбасыларды қолдау институты – бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Ұлтты сақтау қалу үшін туу коэффициенті 4,2 баладан болуы тиіс. Керісінше жағдайда, ұлт жоғалып кетуі мүмкін. Қазақтар аштық пен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлі де оңалған жоқ. Барлығының мәселесін шешу керек екені анық. Алайда көпбалалы отбасыларға басымдылық берілуі тиіс. Біздің жеріміздің аумағын есепке алғанда, халық саны кемі 80 миллион болуы керек», — деп жазды әлеуметтік желі алматылық қолданушы.
Ал сіз қалай ойлайсыз? Көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешу үшін қалай көмектесу керек? Пікір қалдырыңыздар.
stan.kz