Қазақстандағы Киберспорт

0

Жақында ғана Қазақстанда «киберспорт» ұғымы таңғажайып нәрсе болғанымен, әлемдік қоғамда жарыстың бұл түрі толыққанды спорттық іс-шара мәртебесін әлдеқашан алып қойған. Жыл сайын әр түрлі елдерде ірі турнирлер өткізіледі, мыңдаған аудитория жинайтын бұл ойын, бүкіл әлем бойынша онлайн-режімде миллиондаған жанкүйерлердің назарынан түспейді. Киберспорт жыл сайын шамамен миллиард долларға дейін табыс әкеледі, және бұл әлі шегі емес. Болашақта бұл көрсеткіш 2 миллиард долларға жететіні күтілуде. Турнирлердің көрсетілімі дәстүрлі спорт түрлерімен қатар телеарналарда жүргізіледі, бұл жанкүйерлерге компьютерді пайдаланбай-ақ бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл тек қана ойын-сауықтық іс-шара ғана емес, ол ойын жабдықтарын өндіретін компаниялар командаларға демеу көрсетіп, өздерінің жаңа өнімдерін ұсынады. Бұл демеушілер мен ойыншылар үшін өсу мен дамудың қуатты құралы болып табылады, сондай-ақ елдің халықаралық ойын алаңындағы мәртебесін жоғарылататын және туристер ағынын ұлғайтатын бірден бір жылжыту құралы. Әлемдік жарыстардың жүлде қоры 20 миллион долларға дейін жетеді және одан да жоғары болады. Осы ақшаның бір бөлігін ойыншылар алады, ал қалғаны іс-шара жүргізуге арналған шығындарға жұмсалады.

Киберспорттың даму тарихы бірінші ойындар мен ойыншылардың арасында бәсекелестік рух пайда болған кезде басталды. 1994 жылы жарқын әрі өте тартымды киберспорт мәртебесіне жарамды ойын — Doom 2 болды. 1997 жылы АҚШ-та Эйнджел Муньез Cyberathlete Professional League (Кибератлетикалық кәсіби лига) негізін қалады, «кибер» және «атлет» сөздерін қосып, атақты Quake ойыны бойынша чемпионат өткізді, кейіннен (2001 жылы) Counter Strike чемпионатын өткізді. Бұл ресми киберспорт дәуірінің басталуы деп айтуға болады. 2000 жылы Samsung компаниясының қолдауымен алғаш рет ойыншылардың арасында танымал World Cyber Games әлем чемпионаты өтті. 2001 жылы Ресей киберспортты ресми спорт түрі ретінде таныды, алайда, бірнеше жылдан кейін өз шешімін өзгертті.

Неге киберспорт спорт түріне жатады?

Кеңес заманының спорт теоретигі Лев Матвеевтің жіктеуі бойынша спортты шартты түрде 6 топқа бөлуге болады:
1-топ: физикалық күш
2-топ: көлік құралын басқару
3-топ: әр түрлі қару түрлерінен ату
4-топ: конструкторлық қызмет
5-топ: аумақта жүріп-тұру
6-топ: логика және есептеу.

Киберспорт теорияда алтыншы топқа жатады, бірақ ойыншылардың ойын барысында көрсететін дағдылары мен кейіпкерлердің озықтығы, қарулануы, іскерлік стратегия құру мен киберкеңістікте тез әрекет етуіне тікелей тәуелді, сондықтан оны тең дәрежеде барлық топтарға жатқызуға болады. Кибертурнирге қатысатын ойынның біріне айналу үшін ол бірнеше параметрлері бойынша сәйкес болуы тиіс: ойында кәсіпқой ойыншы мен жаңа ойыншы арасындағы айырмашылықты көрсететін ойыншы дайындық деңгейі және оның кейіпкеріне тәуелді болады, жарысу рухын көтермелеу мен жаңа ойыншы ойынға қатысу деңгейіне тәуелді болады. Сонымен қатар, ойын әсерлі, әдемі графикасы, қызықты сюжеті, тіпті ойын барысын қадағалап отыратын байқаушыларға да қызықты болуы тиіс. Сондай-ақ, ойын демеушілері, әзірлеушілері мен шығарушыларының қолдауымен толыққанды киберспорттық ойын мәртебесін алуы тиіс. Қазіргі таңда ең танымалдары – CS:GO (Counter Strike: Global Offensive), League of Legends және DOTA 2.

Қазақстан кеңістігіндегі Киберспорт

Қазақстанда киберспорт, ойын клубтарынан басталды: ең алдымен шағын, содан кейін заманында танымал болған, өз лигасын құрған Omega Sector интернет желісі қуатты старт алды. 2005 жылы қазақстандық команда Counter Strike: Source ойыны бойынша The World Cyber Games күміс жүлдегері атанды. Кейіннен Қазақстанның ірі қалаларында көптеген оффлайн-турнирлер өтті, және командалар қалыптаса бастады. 2016 жылы Ресей кибертурнирді ресми спорт түрі ретінде тағы да мойындады, 2017 жылы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) киберспортты Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізу туралы мәселені қарастырды. 2017 жылдың аяғында Қазақстанда «Qazaq Cybersport Federation» киберспорт федерациясы өз жұмысын бастады және 2018 жылғы 25-маусымда Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылды. Елімізде қазіргі уақытта ойындарды кәсіби деңгейде оқытуға ниет білдірген мектептер мен академиялар ашылуда. Ең талантты және үздік оқушылар кейіннен қатыса алатын турнирлер мен тіпті Қазақстан намысын киберұрыс әлемдік алаңында қорғай алады. Қазіргі уақытта киберспорт федерациясы интернет жылдамдығын арттыру мәселесі бойынша «Қазақтелеком» АҚ-пен келіссөздер жүргізуде, ол әрбір ойыншы басқа елдердегі ойын қарсыластарымен тең жағдайда қарсыласу үшін тұрақты жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін сапалы интернет қажет етеді. Биыл IEM Katowice Major 2019 турниріндегі жеңістің (9-орын) арқасында Қазақстан командасы киберспорттан әлем біріншілігінде топ-10-қа кірді.

Ойыншы үшін турнирлерге қатысу дегеніміз не? Бұл ойыншылардың арасында өз тәжірибесін, мәртебесін жоғарылату, ал киберспортпен кәсіби түрде айналысқан ойыншылар үшін сыйлықтар алу мүмкіндіктері бар, бастауыш деңгейдегі турнирлерде ойын валютасынан бастап жаңа үлгідегі элиталық геймерлік техникаға дейін (тінтуірлер, гарнитура, пернетақталар, мониторлар және тіпті ойын ноутбуктер), сондай-ақ ірі ақшалай сыйлықтар, кубоктар мен марапаттар беріледі. Көптеген қатысушылар үшін бұл сондай-ақ саяхаттау мүмкіндігі, адамдармен танысу, пікірлес адамдармен сөйлесу, ойын құмары мен жеңіс ғажабын сезіну мүмкіндігі беріледі.

Киберспорт шыңына шығуды қалай бастауға болады? Қуатты ойын ДК (дербес компьютер) немесе ноутбук жеткілікті, оған қоса төзімділік, реакция жылдамдығы, тез шешім қабылдай білу, өзгеріп отыратын жағдайларға тез бейімделу, және де ойынға қатысып, жеңіске жету ниетінің болуы.