Қазақстандағы ең ірі байланыс операторларын Нұрәлі Әлиев жекешелендірді

0

Қазақстандағы ең ірі байланыс операторы «Транстелеком» АҚ жекешелендіру процедурасы сәтті аяқталды, деп хабарлайды KzNews.

Бұл туралы компания ресми хабарлады.

Сонымен, «Транстелеком» акционерлік қоғамы акциясының 75 пайызы Нұрәли Әлиев құрылтайшыларының бірі саналатын Unit Telecom компаниясына өтті.

«ҚР Үкіметінің «Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы» 2021 жылғы 11 ақпандағы No 58 қаулысына сәйкес «Транстелеком» АҚ 75% акциялар минус бір акция пакеті «Unit Telecom» ЖШС-не берілді. ЖШС-нің ортақ иеленушісі компанияның қазіргі Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрәлі Әлиев болып табылады» делінген ресми хабарламада.

«Бұрын хабарланғандай, «2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысына сәйкес «Транстелеком» АҚ жекешелендіретін және бәсекелестік ортаға иеліктен шығарылатын компаниялар тізіміне енгізілді.

Осылайша, 2015 жылғы мамырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ өткізген ашық екі кезеңдік тендер нәтижесінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №107 қаулысына сәйкес «Транстелеком» АҚ акцияларының 49% сатылды.
2018 жылдың мамырында «Транстелеком» АҚ-ның 26% акциялар минус бір акция пакеті жекешелендірудің екінші толқыны аясында ашық екі кезеңдік тендер арқылы тендер өткізу нәтижесінде сатып алынды.
Компанияны жекешелендіру барысы туралы ақпарат БАҚ-да және компанияның ресми ресурстарында жарияланғандығы атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Транстелеком» АҚ акцияларын жекешелендіру процесі ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының жекеменшіктендіру және экономиканың квазимемлекеттік секторын қысқарту қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда» делінді хабарламада.