Қазақстандағы ең бай әйел Ресей азаматтығынан бас тартты

0

Ресей президенті Владимир Путин Ресей азаматтығын беру және одан айыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kznews.kz.

“ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТТЫ”

Бір күн бұрын Владимир Путин өзінің Жарлығымен белгілі бір топты Ресей Федерациясының азаматтығынан айырды. Ресей Федерациясының азаматтығынан бас тартқандардың арасында Айдана Сүлейменова бар екен, деп жазады «Агентство» басылымы.

1968 жылы 4 сәуірде туған Сүлейменова Айдана Төлеутайқызы Ресей төлқұжатынан өз еркімен бас тартқаны анықталды.

«Ақпаратқа сәйкес, біз Қазақстаннан келген кәсіпкер Айдана Сүлейменова туралы айтып отырмыз», — делінген басылымда.

АЙДАНА СҮЛЕЙМЕНОВА ДЕГЕН КІМ?

Айдана Сүлейменова 2023-жылғы Forbes-тің рантье рейтингінде сегізінші орында тұр. Оның болжамды кірісі 4,3 млрд теңгеге бағаланады. «Аяла» қайырымдылық қорының негізін қалаушы.

Ол Қазақстанның алғашқы СІМ басшысы Төлеутай Сүлейменовтің қызы. Дәрігер-терапевт болып жұмыс істеді, кейін денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жобаларды қолдайтын қор құрды.

Айдана Сүлейменова — «ADD Invest Properties» ЖШС иесі, ол арқылы Құлыбаевтармен бірлесіп, елордадағы Keruen City СОО және Talan Gallery СОО иелік етеді. Сондай-ақ, компанияның портфеліне Ақтөбедегі Keruen City СОО-ның 50% кіреді, деп жазады Forbes Қазақстан.

Айта кету керек, Украинадағы соғыс басталғалы кем дегенде алты миллиардер мен бұрын Forbes тізіміне енген үш кәсіпкер Ресей азаматтығынан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыз айында Қазақстанның ықпалды әйелдер рейтингі жарияланған болатын.