Қазақстандағы екпе салу туралы шындық

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елжан Біртанов кез келген ата-ана балаға екпе салудан бас тарта алатынын жеткізді. Ол екпе салу туралы қазақстандықтарға түсініктеме жасады

АЛМАТЫ, 6 маусым — Sputnik. Денсаулық министрі Елжан Біртанов екпе салу туралы тағы да түсініктеме берді. Оның айтуынша, вакцинация тек адамның келісімімен немесе балаға қатысты болса, заңды өкілінің рұқсатымен ғана жасалатынын айтты. 

«Тағы бір рет вакцина туралы бар шындықты тыңдауды өтінемін. Адамға екпе салу — аурулардың алдын алуға арналған медициналық қызмет. Ол қолданыстағы Кодекс және жаңа Кодекс жобасы бойынша тек адамның келісімімен ғана жасалады. Кез келген адам (ата-ана) бас тарта алады», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. 



sputniknews.kz