Қазақстандағы діңгекті жасушалармен емдеу әдісі: қайда және қалай? — Қазақстан жаңалықтары

0

Діңгекті жасушалар медицинада төңкеріс жасап үлгерді. Зерттеулер діңгекті жасушалардың ауыр сырқатқа шалдыққанда, жарақат алғаннан кейін қалыпқа келгенде, жасаруда тиімді екенін дәлелдеді. 

Инновация бізге көп жылдан кейін келеді, ал жаңа медициналық технологиялар Қазақстанда тек таңдаулы адамдарға қолжетімді деген пікір бар. 

Бұл рас па? Мұның не нәрсе екенін, біздің елде қалай және қай жерде емдейтінін анықтап көрейік. 

Діңгекті жасушалар дегеніміз – біздің ағзамызды құрайтын кез келген тіннің негізі. 

Адамның жасы ұлғайып, бір кездері ауырған аурулары, салауатты өмір салтын ұстанбауы, экологиясы лас ортада тұруы әсер еткен сайын, оның ағзасында діңгекті жасушалары азая түседі. Алайда оларды зақымдалған тіндер мен ағзаны қалыпқа келтіру үшін адам ағзасына енгізіп, өсіруді үйренді. 

Мұны қазақстандық дәрігерлер жасайды. Жасушамен емдеу технологиясы мен жасарту біздің азаматтар үшін қолжетімді болып шықты. 

Діңгекті жасушаларды қалай алады?

Аталған жасушалар науқастардың май тіндерінен алынады. Май әр адамның ағзасында болатындықтан, мамандар бұл әдістің барынша қолжетімді және тиімді екенін айтады.  

Липосакцияны белгілі бір дене бөлігіне анестезия салу арқылы жасайды.

Майлы тіндерді ажырату мен фракция, сондай-ақ, фракциядан діңгекті жасуша алу процесі жүретін зертханаға жібереді. 

«Майлы» діңгекті жасушалар адам ағзасының барлық дерлік жасушасына бейімделеді және оларды қолдану аясы шексіз. 

Діңгекті жасушалармен емделетін ең көп таралған ауру түрі:

Артроз

Адам артроз ауруына шалдыққан кезде діңгекті жасушалар оның буын қуысына салынады. Әрбір діңгекті жасуша ағзаға енгеннен кейін екіге бөлінеді: бірі – өзіне ұқсайтын, екіншісі науқасқа қажетті болып. Артроз кезінде шеміршекке салынады – хондроцит. Хондроцит жеткілікті болған кезде олар шеміршек құрылымына қосылып, оны қалпына келтіреді. 

Буынның ұстамалы ауруы (подагра) 

Буынның ұстамалы ауруы кезінде діңгекті жасушаларды енгізетін болса, ол бүйрек және бүйрек үсті безінің жұмысын, зат алмасуды және ағзадағы несеп қышқылы мөлшерін ретке келтіреді. 

Инсульт алғаннан кейінгі күй мен шашыраңқы склероз 

Діңгекті жасушалар бас миының зақымдалған бөлігін қалыпқа келтіруге қабілетті: қоректену, тамырларды қалыпқа келтіру және нейрон аралық байланыс. Енгізілген діңгекті жасушалар бас миында пайда болған ауытқушылықтарды қалыпқа келтіре алады: жадыны жоғалтқанда, координация және сөйлеудегі қиындықтарда. 

Қант диабеті

Діңгекті жасушалар инъекциясы ұйқы безі жасушаларының жұмысын реттеп, ағзаның өздігінен инсулин бөлуіне және қандағы глюкоза деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі. 

Қайдан кеңес алуға болады?

Алматы қаласында діңгекті жасушалармен емдеу орталығы өткен жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда жасушалық терапия кардиология, неврология және косметология саласында табысты қолданылуда. 

Орталықтың жұмысы туралы www.cellcenter.kz сайтынан және +7 (727) 296-62-20, 296-62-21 телефондары арқылы біле аласыздар. 

stan.kz