Қазақстандағы бес банк неліктен лицензияларынан айырылды? — новости Казахстана
Ұлттық банк төрағасы Дарияр Ақышев екі жылдың ішінде Қазақстанның бес банкі неліктен лицензияларынан айырылғанын түсіндіріп өтті. Бұл туралы BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Еліміздің бас банкирінің сөзінше, бұған төмен стандарттар мен бақылауда жіберілген қателер себеп болған.
Сонымен қатар, қаржы мекемелері белгілі бір тұлғаларға қайтарылмайтын несиелер беріп, қаржы есептерін әдейі бұрмалап отырған.
«Бұл қаржы институттарының нарықтан шығарылуының негізгі себептері», — деді Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қазір шаралар екінші деңгейлі банктерді жаңа жағдайларға бейімдеуге бағытталған.
«Жүйе қалыптастырушы мекеме Қазкомерцбанк сауықтыру шараларынан өткізілді.
Қалыптастырылған қаржы институты енді тек қазақстандық банктермен ғана емес, ТМД елдерімен де бәсекелесе алатын болады.
Секторды сауықтыру шаралары несие беруді 7 пайызға жандандырды», — деп хабарлады ұлттық банк басшысы.
Шарттары өзгертілген және азаматтар үшін максималды мөлшерлемелер тағайындалған жаңа жинақтау салымдары пайда болған.
Автор: Айгүл Мұхамбетова
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Астана банкі операциялар жүргізу лицензиясынан айырылған болатын. Qazaq Banki мен Эксимбанк та осындай күй кешкен еді. Одан бұрын Delta Bankке қатысты да осындай сот шешімі шығарылды.