Қазақстандағы «белгісіз пневмония»: 98 546 адам ауырып жатыр – Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы «белгісіз пневмония жағдайлары» туралы сұрады.
«Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?» — деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
«2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім — 55,4%», — деп жауап берді Цой.
Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.
«Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды», — деді Алексей Цой.
Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты.
«Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек», — деді Тоқаев.
sputniknews.kz