Қазақстандағы ақылы тұрақтарға Қайрат Боранбаев қалай иелік етті?

0

Әңгіме Қайрат Боранбаев иелік еткен 12 мың ақылы тұрақ орындары жайлы болмақ. Бұл жүйе қалай жұмыс жасады? Ірі кәсіп үш ірі компанияға тиесілі. Ол Дариға Назарбаеваның экс-құдасы, Forbes Kazakhstan тізіміне енген Қайрат Боранбаевпен тікелей байланысты.

1. AlanParking ЖШС — ақылы автотұрақтарды басқарады;
2. «Алматы техспецпаркинг сервис» — тротуар тұрағын басқарады;
3. RR2 ЖШС — тұрақ операторларына IT көмек көрсетеді.

2021 жылы RR2 компаниясының 30% акциясын Қ.Боранбаев мемлекеттен 5 млн теңгеге сатып алды.

Тұрақ орналасқан жер мемлекетке тиесілі. Бірақ одан түскен ақы жеке компаниялардың бюджетіне жинақталады. Операторлардың пікірінше, қаржының 70%-ы мемлекетке беріледі. Бірақ бұл ақпаратқа сену қиын, себебі компания оны ашық жарияламайды. Қазір барлығы тексеріліп жатыр.

Қайрат Боранбаев компания басшысы екенін жоққа шығара алмаймыз. Марат Принбеков «Алматы техспецпаркинг сервис» ЖШС директоры, Мұхтар Базарбаев «AlanParking» және «RR2» ЖШС директоры болған.

Ендігі сұрақ: Қайрат Боранбаев өз кәсібін мемлекетке сыйға тарта ала ма? Бұл оқиға «РОП оператор» ЖШС-мен орын алған жағдайға ұқсайды.
Мәселен, қазақстандықтар оларға ақша төлеуге міндетті, бір де бір кәсіпкер жұмыс барысына қатысты есептерді жарияламайды, екеуі де Назарбаевтың отбасымен байланысты.

(Фото: protenge.kz, inform.kz)