Қазақстанда журналистердің мәртебесі туралы заң қабылдануы мүмкін

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма беретінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқығын қорғайтын заң қабылдануы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені назарға алуға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақордада өткен баспасөз мәслихатында журналистер Қасым-Жомарт Тоқаевтан журналистердің мәртебесі туралы заң қабылдауға мұрындық болуын өтінген еді.

«Бұл өте өзекті мәселе. Бұл мәселені жақсылап қарауымыз керек. Мен үкіметке тиісті тапсырма беремін. Келешекте, егер қажет болса, журналистердің мәртебесі туралы тиісті заң қабылдаймыз. Не болмаса, мен өзім президент ретінде шешім қабылдаймын», — деді Тоқаев.

Бұған дейін ол жас кезінде өзі де журналист болуды армандағанын айтқан болатын.

Айта кетсек, 10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.



sputniknews.kz