Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру және көлікті тіркеу тоқтатылды
Қысқа сілтеме алу
Техникалық ақауға байланысты мамандандырылған ХҚКО-лардың қызметі уақытша тоқтатылды
АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-лары техникалық проблеманың салдарынан мемлекеттік қызмет көрсете алмайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Facebook парақшасында жарияланған.
«Бүгін сағат 9:50-де Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің сервистерінің іркілісі тіркелді, сондықтан республика бойынша мамандандырылған ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу мүмкін емес. Ішкі істер министрлігінің мамандары олқылықтарды жою жұмыстарын жүргізуде», — деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік корпорация уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, азаматтарды шыдамдылық пен түсіністік танытуға шақырды.
ХҚКО-лар жұмысының қалпына келгені қосымша хабарланады.
sputniknews.kz