Қазақстанда жолаушыны шығарып салушылар теміржол вокзалы ғимаратына қайта кіре алады — Қазақстан жаңалықтары

0

10 маусымнан бастап шығарып салушыларға теміржол вокзалдарының ғимаратына кіруге тағы да рұқсат етіледі. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вокзал

Сондай-ақ, 10 маусымнан бастап алдын ала тапсырыс бойынша жеткізумен жолаушылар поездарындағы вагон-мейрамханалар мен вагон-барлардың жұмысы жаңартылады.

«Бұған дейін бірнеше рет атап өткендей, коронавируспен сырқаттанушылық болмаған жағдайда, жолаушылар теміржолы қатынасын қалпына келтіруге байланысты талаптар жеңілдетуге қарай кезең-кезеңімен қайта қаралады», — деп атап өтті Байғабулов.

Ішкі тұрақты теміржол қызметтерінің қайта жанданған күнінен бастап 100 мыңнан астам жолаушыларға сынама жүргізілді. Жолаушылар арасында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

«Осыған байланысты осы жылдың 10 маусымынан бастап теміржол вокзалдары ғимаратына шығарып салушы азаматтарды жібермеу талабы алынып тасталды. Сонымен қатар, санитарлық-карантиндік талаптарды қатаң сақтау қажет, олар: әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, вагондар арасындағы жолаушылар қозғалысын және олардың жиналуын шектеу, күшейтілген дезинфекция және т.б.», — деп ескертті көліктегі бас санитар дәрігер.

Бұл ретте азаматтар бұрғындай теміржол вокзалы ғимаратына байланыссыз термометриядан кейін ғана кіре алады.

Темір жол көлігінде жолаушылар санитарлық-карантиндік шараларды сақтамаған жағдайда ереже қайтадан қатаңдатылуы мүмкін.
 

stan.kz