Қазақстанда жолаушылар пойызы қатты аязға байланысты станцияға қайта оралды  

0

Қызыл шұнақ аяздың салдарынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ шұғыл шара қабылдауға мәжбүр болды  

АСТАНА, 6 ақпан— Sputnik. Қызылорда – Астана бағытындағы пойыз қатты аязға байланысты тоқтатылды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Күрделі ауа райы жағдайына – 35 градус аязға байланысты Астана – Қызылорда бағытындағы №92 пойызды Айса стансасында тоқтатып, оны Қарағандыға қайтаруға шешім қабылданды.  

Тасымалдаушы компания барлық жолаушы қалаға келген соң билетін қайтарып, 100% құнын өндіріп алатынын хабарлады. Қызылордаға сапарын жалғастырғысы келетіндер Астана — Сарыағаш бағытындағы №86 пойызға отыра алады. Тоқтатылған пойыздың жолаушылары үшін бұл құрамаға алты купе вагон қосылды.

Қарағанды стансасында қайтарылған билеттерді қабылдауға қосымша кассирлер жұмысқа шығады. Олар Астана — Сарыағаш немесе өзге пойыздармен сапарын жалғастыруға келіскен жолаушыларға билетті қайта рәсімдей алады.    

Сондай-ақ ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі құрамадағы жолаушылар үшін тегін тамақ беріліп, бар жағдай жасалатынын атап өтті.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/