Қазақстанда жерге «госакт» алынып тасталады

0

Таяу уақытта жер учаскелері мен жерге орналастыру жобалары бойынша мемлекеттік актілер қолданыстан алынады. Оның орнына жаңа құжат – Жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты пайда болады.

Бұл туралы Krisha.kz хабарлады.

Мұндай өзгерістер Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры және Кадастрлық картаны енгізгеннен кейін болады деп жоспарланып отыр.

Мәліметтер бойынша Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіреді: «Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған жүйесі және Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік тізілімі.

Жоба 2021 жылдың соңында аяқталмақ.

 

24.kz