Қазақстанда жемқорлардың ақшасына 70 мектеп салынады

0

Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың ақшасына 2023 жылы 70 мектеп салынады. Бұл туралы Білім министрі Ғани Бейсембаев айтып берді.

«Биыл  жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Бұл үшін құжаттар дайындалады, бізде тізім бар. Сол бойынша мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. Барлық 23 өңірді қамту керек», — деді Ғ.Бейсембаев.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: inform.kz