Қазақстанда жаз мезгілінде ауа райы қандай болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Биылғы көктем мен жаз мезгілі жауын-шашынды болады. Күз мезгілі айтарлықтай суық болмайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанда жаз мезгілінде ауа райы қандай болады

Сәуір айы ауысым маусымы болғандықтан ауа райы тұрақсыз болады. Айдың ортасында Қазақсанның барлық өңірі дерлік батыс және оңтүстік циклон ықпалында болады.Соның әсерінен оңтүстік-шығыстан шығысқа қарай жел соғып, бұршақ жауады. Жауын жауып, соңы қарға ұласады. Кешкі және таңғы уақытта тұман түседі», — деді Қазгидромет синоптиктері. 

Мамыр айында жауын-шашын қалыптан жоғары болады. Батыста қалыптан аз болады. Шығыста қалыпқа сай жауады. Маусым айында батыс және солтүстік-батыс аймақтарынан аймақтарынан өзге өңірлерде жауын көп жауады. 

Шілде айында ауа температурасы қалыпқа сай болады. Оңтүстіс-батыс аймағында қалыптан 1°С-қа жылы болады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауын-шашын қалыптан аз, шығыста — қалыпқа жуық, шығыс аймақтың таулы өңірлері мен оңтүстік-шығыста қалыптан көп болады.

Тамыз айы жылы болады. Ауа температурасы калыптан 1°С-қа жоғары болады. Еліміздің солтүстік-батыс аймағында қалыпқа жуық болады. Солтүстік, солтүстік-батыс және таулы аймақтарда, оңтүстік-шығыс бөлікте жауын климаттық қалыптан көп жауады. Алдын ала болжам бойынша, қыркүйек пен қазан айы жылы болмақ. Жауын-шашын аз болады. Ауа райы болжамының ықтималдығы 54 %-ға тең. Әр ай мен онкүндікке арналған болжаммен толықтырылып отырады. 

stan.kz