Қазақстанда жастар саясаты туралы жаңа кешенді бағдарлама әзірленеді

0
10

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент жаңа бағдарлама жастарға сапалы білім беру, жұмысқа тұру, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тетіктерін ұсынуы керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы жастар саясаты туралы кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Алдағы кезеңде мемлекеттік органдар жастарға қолдау көрсету үшін бірқатар міндетке баса назар аударуы қажет. Ең алдымен, жастар саясаты туралы  жаңа кешенді бағдарлама керек деп санаймын. Онда қазіргі жаһандық үрдістер мен жастардың сұраныстары жан-жақты ескерілуі тиіс», – деді Тоқаев елордада жастармен кездесуінде.

Айтуынша, жастар саясаты жөніндегі жалпы тұжырымдама 20 жыл бұрын әзірленген.

«Қазіргі уақытта осы салада түрлі бағыттағы бағдарламалар өте көп. Сондықтан жастар саясатына кешенді көзқарас керек», – деп санайды мемлекет басшысы.

Президент жаңа бағдарлама жастарға сапалы білім беру, жұмысқа тұру, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тетіктерін ұсынуы керек екенін атап өтті. Бұдан бөлек, құжатта жас буынға арналған тиімді әрі ашық әлеуметтік мүмкіндіктер көрсетілуі керек. Барлық елді мекенде спорт және мәдениет нысандары жастарға қолжетімді болуы тиіс.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үкіметке тапсырма берді: жаңа жылдан бастап кімнің қалтасы қалыңдайды

«Үкімет келесі жылы осы бағдарламаны дайындап, оның негізінде 2021 жылы заң жобасын әзірлеуі қажет», – деп тапсырды Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылуына арналған шараға қатысты. Жастар президент алдында түрлі тақырыпта сөз сөйлеп, ой-пікірлерін білдірді.

2018 жылы «Жыл волонтері» атанған Аяжан Құрманова Волонтер жылының логотипін таныстырды. Алқызыл логотип жүрек пішіндес, бір шетінде латын қарпімен «Біргеміз» деп жазылған.

Тоқаев Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастық форумында 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялаған еді. Қазір Қазақстанда екі жүзден аса еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Еріктілер қозғалысына 50 мыңнан астам адам тартылған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз