Қазақстанда жас қыздардың жүктілігі 1,5 есе артқан
Нұртөре Жүсіптің айтуынша, соңғы бес жылда жасөспірімдер арасында туу көрсеткіші шамамен 1,5 есеге артты.
“2023 жылы қаршадай қыздар арасында 5 094 босану фактісі тіркеліп отыр. Бұл сол кезеңдегі жалпы туу көрсеткішінің 1,3 пайызын құрайды. Имандылықтың ұясы деп есептелетін ауылдық жерде екі есе артып отыр”, — деді.
Депутат бұл жағдайға барлық мүдделі тараптардың, әсіресе білім беру және денсаулық сақтау салалары өкілдерінің мәселеге белсенді араласуын талап етеді.
фото: bing image creator