Қазақстанда жас ғалымдарға қандай қолдау көрсетіледі?

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстанда жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, олардың жобаларын инвестициялау жалғасын табады, деп уәде берді үкімет басшысы

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыда жас ғалымдармен кездесіп, Қазақстанда ғылымды дамыту келешегін талқылады, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Әңгімелесу барысында ғылымды басқару жүйесін және докторантура бағдарламасын дамыту, жоғары білім беру мекемелерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру, ғылыми дәреже беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Жастарды кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығы. Ғылымды дамыту үшін субсидиялар, жеңілдіктер беріліп, түрлі қолдау шаралары қабылданып жатыр. Ал жастар, үкімет басшының пікірінше, нақты бастамалар көтеріп, еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қатысты өз білгендерін ұсынуы тиіс», — деп атап өтті Сағынтаев.

Сонымен қатар, кездесу аясында жас ғалымдар да сөз сөйледі, олар өзекті мәселелерді қозғап, саланы одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуді қорытындылаған ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысушыларға ашық диалогы мен ұсыныстары үшін алғысын білдірді. Ғылымды дамыту мәселесінде Қазақстанда ғылыми қызметті жоспарлы әрі қарқынды дамыту үшін қандай бағыттарды одан әрі дамыту қажеттігін, қандай мәселелерге ерекше ден қою керектігін айқын ұғыну қажеттігі айтып, Қазақстан өзін басқа мемлекеттердің арасында ұсына алатын бағытты дамыту керектігін мәлімдеді.

ҚР БҒМ деректері бойынша, Қазақстанда 2017 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелермен 386 ұйым айналысқан, 22 081 адам тартылған, оның ішінде 17 205 зерттеуші маман бар. Олардың 7 733-і 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар. 2018-2020 жылдарға арналған қаржыландыруға мақұлданған жобалар мен бағдарламалар арасында гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясында 35 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі зерттеуге қатысатындардың жалпы санының 49,3%-на дейін артты. Бұл – 2015-2017 жылдарға арналған зерттеулерге қарағанда 1,4 есеге артық көрсеткіш.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/