Қазақстанда жас аналардың өлімі жиілеген — Қазақстан жаңалықтары

0

Елімізде 18 жастағы аналардың өлімі 34 пайызға өскен. Бұл 21 жастағы қыздармен салыстырғанда 5 есе жоғары көрсеткіш. Ал, мамандар әйел өліміне қатысты жағдайдың барлығы жүктілік және босану процессіне дайын болмауынан деп дабыл қағуда. Расында, ана өлімінің жиілеп кетуіне кінәлі кім, әйелдердің өмірін құтқара алмаған дәрігерлер ме, әлде келмеске кеткен келіншектердің өздері ме? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

әйел

2018 жылы елордада үш айдың ішінде бес ана босанып жатып о дүниелік болды. Аналардың баласын бауырыма басамын ба деген арманы табыт құшақтаумен аяқталды. Бұл оқиға халықтың дәрігерлерге деген сенімсіздігін еселей түскен еді.

«Бәрін дәрігерлерге жүктеуге болмайды. Ол кейбірде ананың өзіне байланысты болады. Егер статистика бойынша қарасаңыз егер кәмелет жасқа толмай жүкті болып қалса онда 20 есе әйелдің өлімі босанған кезде мүмкіншілігі көп болады. Статистика бойынша өлген әйелдердің арасында 50 процент әйел ауру болған. Бірақ олар жүктілік кезіне дұрыстап дайындалмаған», — дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова. 

Қазіргі уақытта ана өлімі отыз жыл бұрынғы статистикаға қарасақ едәуір азайыпты. Бірақ, басқа дамыған елдермен салыстырсақ көп. Дәрігер мұның бір себебін былай түсіндірді.

«Болады әйелдердің топтары жаңа айттым ғой жүктілік абсолютті болмайды көтеруге болмайды бала сүюге болмайды. Өйткені жүректің ақауы болуы мүмкін, бүйректің ақауы болуы мүмкін. Эндокринді жүйенің ақаулары болуы мүмкін. Тілді алмайды аяғы ауыр болады. Сол үшін дәрігерлерді кіналаудың қажеті жоқ», — деді акушер-гинеколо Айгерім Сламбекова.  

Әлеуметтанушы да ана өлімінің жиі тіркелуіне бірнеше фактор әсер ететінін айтады. Соның ішіндегі ең маңыздысына тоқталды.

«Бір қатал енеге келін болып түсіп қалды қыз. Ене оған аяғы ауыр болғанына қарамастан таңертеңнен кешке дейін жұмысқа салуы мүмкін. Бұл жерде ана өліміне әсер ететін негізгі фактордың бірі деп ойлаймын. Өйткені дұрыс тамақтанбау, психологиялық күш көрсету деген сияқты неше түрлі факторларды қарастыруға болады», — әлеуметтанушы Гүлнәр Тәжібаева.  

Әрбір ана жүктілікті жоспарлап, оған дайын болу керек. Сол кезде ғана ана мен бала өлімі болмайды, дейді мамандар.

 

 

stan.kz