Қазақстанда жарты жыл ішінде қанша адам көз жұмды

0

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жарты жылда көз жұмған қазақстандықтардың санын жария етті.

2020 жылдың алты айында 64 968 адам қайтыс болды. Салыстыру үшін: 2019 жылдың бірінші жартысында 66 613 өлім тіркелді.

Жарты жыл ішіндегі өлімнің көп бөлігі Шығыс Қазақстанда тіркелді — 6859 адам. Бүл аймақ өткен жылдың сәйкес кезеңінде де бірінші орында болды — 7158. Елдегі өлім саны бойынша екінші орында Алматы тұр — 6771, одан кейін Қарағанды ​​облысы — 6475.

Алты айдағы өлімнің ең аз саны Маңғыстау облысында тіркелді — 1531 адам.

Статистика комитеті сонымен бірге осы кезеңдегі қазақстандықтардың көз жұму себептері туралы мәліметтерді ұсынды:

  • қанайналым жүйесі ауруларынан — 15 651 адам,
  • гипертониядан — 423 адам,
  • жүректің ишемиялық ауруынан — 5297 адам,
  • стенокардиядан — 186,
  • жедел миокард инфарктісінен — 961,
  • мидың тамырлы зақымдануынан — 5607,
  • ісіктерден-7441, қатерлі ісіктерден — 7257,
  • жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан — 4833,
  • тыныс алу органдарының ауруларынан — 7326. Оның ішінде тұмау, ЖРЗ және пневмониядан — 2073 (2019 жылы 2138 адам қаза болды).

Қостанай облысында тұмаудан, ЖРЗ және пневмониядан болған өлім-жітімнің көп саны тіркелді — 277, 2019 жылдың жарты жылдығында бұл аймақта 364 жағдай тіркелді. Одан кейін Шығыс Қазақстан — 222, Қарағанды облысы — 210.

Асқорыту органдарының ауруларынан жарты жыл ішінде елде 5563 адам, жұқпалы және паразиттік аурулардан — 768 адам көз жұмды.

Өлім-жітімнің жалпы санында адам өлтіру, суицид және жол-көлік оқиғалары тіркелген.

stan.kz