Қазақстанда жарты миллионға жуық педагог әйел қызмет етеді
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/03/8cfebc6a-7357-4891-ae66-ec2b5d17126c-905x613.webp)
Еліміздің білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог еңбек етеді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог жұмыс істейді.
Оның 28 340-ы колледж, 324 596-і мектептерде, 98 434-сы мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек етіп жүр.