Қазақстанда жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қашан беріле бастайды
Қысқа сілтеме алу
Жаңа үлгідегі куәліктердің жалған құжат жасаудан қорғау жүйесі жақсарады, мемлекеттік баж салығының көлемі өзгермейді
НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктері 2020 жылдан бастап беріледі, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бұған қоса, көлікті тіркеу куәлігінің түрі өзгереді.
Ішкі істер министрі тиісті бұйрыққа екінші қарашада қол қойды.
«Бұл құжаттардағы электрондық чип келесі жағына ауысады, ал чип көлемі ұлғаяды», — деп түсіндірді ішкі істер министрлігі.
Қолдан жасау мүмкін емес
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шара жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәлігін жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
©
Photo : МВД Казахстана
Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі
Сондай-ақ, ол құжаттар жасаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге жол ашады.
Жаңа үлгідегі құжаттарда штрих-код түріндегі қосымша қорғаныш пайда болады. Көлікті тіркеу куәлігінің түсі өзгереді, оның түсі қанық бола түседі.
©
Photo : МВД Казахстана
Көлікті тіркеу куәлігі
Жүргізуші куәлігін жаңасына қашан ауыстыру керек
«Бұған дейін берілген жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәліктерін ауыстыру қажет емес. Олар өз мерзімі аяқталғанша жарамды (жүргізуші куәлігі — берілген күннен бастап 10 жыл, көлікті тіркеу куәлігі — машина ауыстырғанға дейін)», — деп нақтылады ішкі істер министрлігі.
Бұл құжаттар үшін төленетін мемлекеттік баж салығының көлемі өзгермейді. Олар 1,25 АЕК (3156 теңге немесе шамамен 8 долларды) құрайды.
sputniknews.kz