Home Жаңалықтар Қазақстанда жаңа туған нәресте коронавирустан көз жұмды

Қазақстанда жаңа туған нәресте коронавирустан көз жұмды

0
225

Қазақстанда коронавирустан жаңа туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Баланың туылғанына небәрі 11 күн болған. Оған инсульт, жүректе қанның ұю диагнозы қойылды.

Нұр-Сұлтан педиатрлар қауымдастығының жетекшісі Сагира Әбдірахманова қиын жағдай туралы айтып берді.

«Біз 11 күндік нәрестеден айырылып қалдық. Себебі анасы жүктіліктің 39-шы аптасында инфекция жұқтырған. Босанғаннан кейін 5-ші күні балада өте ауыр клиникалық белгілер байқала бастады. Балада мидың зақымдануы болған. Яғни балада инсульт дамыған. Артынша біз баланың жүрек қантамырларында тромб қалыптасқанын байқадық», – деді педиатр.

Дәл осындай белгілері бар екінші бала да қазір ауруханада жатыр. Оның туылғанына небәрі 20 күн болған.