Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

0

Үкімет «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулыға толықтыру енгізді

Қазақстанда жаңа мереке – Абай күні бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Үкімет «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулыға толықтыру енгізді. Осылайша, 10 тамыз Абай күні болып бекітілді.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылдың 31 қазанындағы № 689 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз», — делінген ақпаратта.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.