Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды
Қысқа сілтеме алу
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңға өзгерту енгізілген
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Бұл туралы Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесі хабарлайды.
2001 жылдың 13 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңының 4-бабына сәйкес үкіметтің қаулысымен жаңа мейрамның күні белгіленген.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілсін. Мерекелік күндердің тізбесі 42-1-тармақпен толықтырылсын: «42-1. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша», — делінген хабарламада.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Президент Қазақстанда жаңа мереке болғанын мәлімдеді
sputniknews.kz