Қазақстанда жаңа комитет құрылады — Ел жаңалықтары
Қазақстанда Тауар және қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын бақылайтын комитет пайда болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Денсаулық сақтау министрлігінде тауар және қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын бақылайтын комитет пайда болады. Олар бақылау жүйесін атқарады: адам денсаулығына әсер ететін тауар мен қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасы; медициналық қызмет көрсету сапасы; дәрі-дәрмек айналымы және медициналық өнімдер саласы, оның ішінде дәріханаларда жекелей сату бағасын реттеу тәртібін бақылау; халықтың санитарлық эпидемиологиялық жағдайн жақсарту саласы», — деді министр үкімет отырысында.
143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды — Біртанов
Оның айтуынша, комитет жұмысын ұйымдастыру және өңірлік жасақтардың жұмысын реттеу шаралары 2019 жылдың сәуіріне дейін аяқталады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында комитеттің құрылу керектігі туралы айтқан. Біртанов Мемлекет басшысының органның құрылысы жөнінде ұсынылған жобаны қолдағанын айтты.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz