Қазақстанда жаңа көліктер қалай тіркелетіні белгілі болды

0

Қазіргі кезде бір адам басқа біреуге көлік сатса, оны электронды үкімет порталы арқылы қайта тіркеуге болады. Ол үшін  электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану қажет

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Автосалондарда сатып алынған көліктерді онлайн тіркеу қызметі енгізіледі. Бұл туралы бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Жақын арада біз автосалондарда сатып алынған көліктерді онлайн тіркеу қызметін енгізуді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Оспанов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бір адам басқа біреуге көлік сатса, оны электронды үкімет порталы арқылы қайта тіркеуге болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану қажет.  

«Қазіргі карантин жағдайдында электронды цифрлық қолтаңбаны үйде отырып алуға қатысты сұрақтар жиі қойылып жатыр. Біз бұл мәселені шештік. Бүгінде адамның бетін биометриялық идентификация арқылы және бір реттік құпиясөзбен қолтаңбаны алуға болады. Ол механизм істеп тұр. Дәл сондай механизм заңды тұлғалар үшін іске қосылған болатын», — деп атап көрсетті Оспанов.

Тағы оқыңыз: Көліктер айып тұрағына тоғытылады – Алматы полициясы ескерту жасады



sputniknews.kz