Қазақстанда жаңа карантиндік шаралар: Қоғамдық көлік режимі өзгерді

0
219

Қазақстанда карантин бойынша жаңа шешім қабылданды.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 16 қарашадағы COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша берген тапсырмалары шеңберінде нақты шаралар әзірленді.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

– Қоғамдық көліктің жұмысын басқа қызмет түрлерімен үйлестіру.
– «Жасыл аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы апта ішінде 23:00 сағатқа дейін ұзартылады.
– «Сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 23:00-ге дейін ұзартылады.

– 2020 жылғы 21 қарашадан бастап қызметі келушілермен тікелей байланысты емес кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады: авто-экспресс (тамақты өзімен бірге алып кету), көлік жуу, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциялары, тігін шеберханалары, тұрмыстық техника, аяқ киім, телефон, компьютерлер, сағат жөндеу, кір жуу және химиялық тазалау орталықтары.

– Биылғы 21 қарашаға дейін халықпен байланыс деңгейі төмен бизнес нысандарының қосымша тізімін дайындау тапсырылды.

– Осы жылдың 21 қарашасына дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық бұзушылықтарын тәртіп бұзушылығының ауырлық дәрежесі бойынша (кішігірім, маңызды, өрескел) шектейтін нормативтік-құқықтық актіні қабылдау тапсырылды.

– Қазақстан Республикасының және облыстардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды. Бұл бизнеске жаңа шектеулерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.

– COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны әзірлеуді және өндіруді бастауды жеделдету.

-Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне он күн мерзімде қызыл аймақтан шығу үшін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау қажет.

– Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық деректердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында COVID-19 бойынша ПТР зерттеулерін жүргізетін зертханалардың интеграциясын бір апта мерзімде аяқтау тапсырылды.

– Биылғы 21 қарашаға дейін ауруханалардың реанимациялық бөлімшелерінің материалдық базасын тексеру, қажет болған жағдайда оларды толықтыру бойынша жедел шаралар қабылдау.

– 2020 жылғы 21 қарашаға дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар резервін қалыптастыру бойынша өңірлердегі ахуалға мұқият мониторинг жұмыстарын жүргізу.

– Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҚР заң жобасын әзірлеуді оны Парламент Мәжілісіне енгізе отырып, ағымдағы сессияның соңына дейін ұсыну.

– Әскери госпитальдардағы төсек қорын қажетті жағыдайда жедел өрістетуге толық әзірлікті қамтамасыз ету.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз