Қазақстанда жаңа ипотека пайда болды
Жаңа жобаны Азия даму банкі жүзеге асырып жатыр, ипотека ауыл әйелдері мен табысы төмен әйелдерге беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанда әйелдерге жеңілдетілген шарттармен ипотека беру жоспарланып отыр.
Азия даму банкі «Гендерлік теңдікке тұрғын үйді қаржыландыруда жәрдемдесу» жобасы аясында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 100 миллион доллар кредит береді.
Қарыз туралы келісім ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен АДБ президенті Такехико Накаоның кездесуінде бекітілді, деп мәлімдеді ведомстводан.
Гендерлік теңдікке бағытталған ипотекалық өнім Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтардың көбі зейнетақысын баспанаға жұмсай алмауы мүмкін
«АБД Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен мүлде жаңа жобаға қол қойды. Тек қана әйелдерге жеңілдетілген кредит ұсынылады. Менің білуімше, 12%-ке дейін. Мұндай жобалар қазір сұранысқа ие. Гендерлік қаржыландыру, шынымен, өзекті мәселе, біз оны дамытатын боламыз», — деді Дәленов мәжілістегі үкімет сағатында.
Жаңа ипотека кімдерге беріледі
Қолжетімді қаржыландыруды үш мыңнан аса әйел пайдалана алады.
АДБ қарызының 60%-тен астамы ауыл әйелдеріне беріледі. Кем дегенде 20%-і – табысы төмен әйелдерге ұсынылады, делінген Азия даму банкінің хабарламасында.
Тағы оқыңыз: 2%-пен беріледі: арзан ипотекамен үй алу үшін отбасының кірісі қанша болуы керек?
Бұған дейін АДБ Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдерге қолжетімді ипотека алу қиынырақ екенін мәлімдеген еді. Оған әйелдер жалақысының төмен болуы себеп екен.
sputniknews.kz